Тараз қаласының жер ақпараттық жүйесі

Тараз қаласының жер ақпараттық жүйесі (Тараз қаласының ЖТАЖ) – бұл жер учаскелері туралы, сондай-ақ жер учаскелерін алу туралы өтініштерді қарау барысы туралы ақпаратты ұсынушы электрондық жүйе.


Жер телімдері

Сауда саттықта (конкурстарда, аукциондарда) қойылған жер учаскелерінің тізімі. Қазақстан Республикасы Жер кодексінің №48 бабына сәйкес, мемлекеттік меншіктегі және жер пайдалануға берілмеген жер учаскелері құқықтарды беру сауда-саттықта жүзеге асырылуы мүмкін. Осы тарауда сауда-саттыққа қойылған жер учаскелерінің тізімі сипаттамаларымен және географиялық орналасқан жерімен бірге берілді

Өтініштерді тексеру

Бұл тарау заңды және жеке тұлғаларға жер учаскесіне жер пайдалану құқығын беру туралы өтініштерді қарауды бақылау үшін құрылды. Қазақстан Республикасы Жер кодексінің №43, 44, 44-1, 45 баптарына сәйкес, жер учаскелеріне жер пайдалану құқығының өздеріне берілуіне мүдделі жеке және заңды тұлғалар жергілікті атқарушы органға немесе мемлекеттік корпорацияға өтініш беруіне болады.